Жаңа жылды Аралда ата-анаммен қарсы алдым. Өте қызықты болды. Қаңтарда орын алған теракт салдарынан оқуымыз кейінге шегерілді.
24 қаңтарда педагогикалық іс-тәжірибеден өтуіме байланысты шұғыл билет алып, Алматыға баруыма тура келді. Дастан жезде, Ажар тәте, Салтан тәте, Әбубәкір, Дариға мен Даниял күтіп алды.
24 қаңтар - 26 ақпан аралығында қаладағы 28 IT лицейден практикадан өттім. Бұл мен үшін бір жағынан қиын, әрі пайдалы өтті. Жетекшім - Шарипкулова Камшат.
Практика аяқталғаннан соң, кәдімгі оқуға қайта оралдық. Сабақ қатты қиын емес. Барымды салып жатырмын. Мамиля апай ғылыми жоба дайындауды тапсырған. Сол жағынан ғана қиындық бар.
Манарбек ағаның жағдайы наурыз айында нашарлай бастады. 7-8 наурызда арақ ішкен еді. 20 наурыз күні емші Ажар тәте оның жақында ажал құшатындығын хабарлады. Осыдан бастап, үйді жөндеу жұмыстары басталды.
24 наурыз таңертең ерте тұрып сабаққа дайындалып жатсам, болмайды деп хабарлады. Сөйтіп Шеңгелге кетуім мүмкін болған соң, Балпыққа (продукта алуға), кейін Қалаға кеттім.
Қалада кітапханаға барып кітап алып, Гумнан қағаз шығартып, Назеркенің үйіне қонаққа бардым. Жансая,Анель, Назёк, мен отырып Наурыз көже іштік, шай, компот, кола, салад, торт «Тасбақа» жеп, әңгіме айтып, күшті боп қайттық.
Түсте үйге барсам, Қанат тәте 3 млн алыпты. Оны кешке жуды. Балпыққа шашлыкқа бардық. Жеп қайттық. Киіз үйдің ішінде отырдық. Сөйтіп қайттық. Бір жаманы, өзімді жалғыз, әрі нашар сезіндім. Бәрі өз отбасыларымен, өз жақындарымен отырды.
4 сәуір күні Айдос жезде, Жанерке тәте, Нурик, Аяжан, Айзере бәріміз моншаға түсуге бардық. Монша бөлімшедегі Света мен Қайраттың үйіне жақын екен. Үйлерінде шай ішіп, көрші моншаға түсіп қайттық. Қайтарда Света жейде берді.Жақсы кісі екен.
SAGA EDU Co.
Ашық архивтік жүйесі
2022 жыл.
Барлық құқықтары қорғалған.
Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Арал қаласы
+7 775 430 0630